10
август
2022
10 тамыз-Абай күні құтты болсын!
10 тамыз-Абай күні құтты болсын!
Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының бүгін, 10 тамыз туған күні.
Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.
Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.10.08.2022 ж оқушылар арасында «Абай өлеңдері» тақырыбында челлендж өткізілді. Сонымен қатар, ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, қалам тербеген ақын-жазушылардың еңбектері таныстырылып, ақпарат берілді.Мектеп ұстаздары Абай Құнанбайұлының еліміздің қалаларында орналасқан ескерткіштері, Жидебай туған жеріндегі үйінде түскен фото суреттерімен бөлісті.