08
ноябрь
2022
PISA-2022 халықаралық зерттеу бойынша оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



Қазіргі кезде халықаралық мәртебеге ие көптеген бағалық зерттеулер бар. PISA дегеніміз – аталған бағдарламалардың ішіндегі неғұрлым жиі қолданылатындарының бірі. Оқушылардың білімінен күтілетін нәтижелеріне жетуін бағалаудың кеңінен танымал халықаралық зерттеулеріне мыналар жатады PISA (Programmer for International Student Assessment) оқушыларды бағалау бағдарламасы; TIMSS (Third International Mathematics and Science Study) математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша бағалау бағдарламасы; PIRLS (Progress In International Reading Literacy Study) оқу машықтарын бағалау бағдарламасы. Қазақстан халықаралық тәжірибеге негізделген жаңа сапалы білім беру саясатын құра отырып, 2009 ж. бастап PISA салыстырмалы зерттеуіне қатысады. PISA өзінің құралдарын оқушылардың шынайы өмірлік жағдайлардағы мәселелерді шешу үшін білімдерін қолдану қабілеттілігін бағалайтын құрал ретінде пайдаланады. PISA шеңберінде 15 жасар оқушылардың ересек өмірге қадам басуға дайындығы бағаланады.Осы мақсатта PISA-2022 халықаралық зерттеу бойынша оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.