«Даналық мектебінің» іс-шара жоспарына сәйкес «Ағалар мектебі»
#Жетісу_облысы #Алакөл_ауданы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде «Даналық мектебінің» іс-шара жоспарына сәйкес «Ағалар мектебі» бойынша «Ағасы бардың – жағасы бар» тақырыбында спорттық эстафета сайысы өткізілді. Мақсаты: Аға мен бауырдың арасындағы қарым-қатынасты нығайту. АҒА ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК, ІНІЛЕРІ МЕН ҚАРЫНДАСТАРЫНА ҚАЛАЙ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУЫ КЕРЕК екенін түсіндіре отырып, сыйластыққа,татулыққа тәрбиелеу. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.