"Мектепке жол" акциясы » Достық №11 орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-11-38
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-11-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол" акциясы
27
июль
2022

"Мектепке жол" акциясы

Алакөл ауданы,  Достық №11 орта мектебі.
Құрметті ауыл тұрғындары,кәсіпкерлер! Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған Республикалық "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз. Ағымдағы жылымыз бұл әлеуметтікке бағытталған "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" ұранымен өткізіледі.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу.
Қайырымдылық - қадірлі іс екенін ұмытпайық.Ең бастысы мейірімді жүрегіңіз,таза ниетіңіз болсын.
Демеушілік жасаймыз деген азаматтар болса директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
Жанар Койшыбаевнаға
тел: 87024263906
Жулдыз Барлыхановнаға
тел:87783839231
хабарласыңыздар.

Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің тапсырмасына сәйкес Достық кентінің №11 орта мектебі 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында  «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу барысында Республикалық акцияны өткізу бойынша мектептің бұйрығы шығарылып, іс-шара жоспары бекітілді.

Мақсаты: "Мектепке жол" акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасыларынан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс - шараларды өткізу.

 Акция жұмысының ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітіліп, қамқорлық көрсетуші мекеме басшылары мен жеке кәсіпкерлерді анықтап оларды көмек беруге тарту жұмыстары жүргізілді.

 Тамыз айының 1 нен әлеуметтік жағдайы төмен отбасын қолдау, мектепке бармай қалудың алдын алу мақсатында Достық кентінің түрғындарын түгелдей жұмылдырып, әсіресе мекеме басшылары мен жеке кәсіпкер азаматтар, ұйым басшыларының көмекке зәру балаларға қол ұшын беруе ықпал ету жұмыстары ұйымдастырылды. Мұндай жанды көмек шын жүректен жасалып, әлеуметтік көмек алатын оқушыларға жауапты адамдар бекітілді. Акцияда көмек көрсеткен демеушілер  оқушыларға жалпы сомасы 150 000 теңге қаржылай  көмек көрсетілді.

ТОО "Тенгри Достык"    бастығы Джакупов Даурен Жәнібекович 100000 теңге көлемінде, «Айна» дүкенінің иесі , жеке кәсіпкер Джетибаева Мира Даменовна оқушыларға 50000 теңгеге қаржылай көмек көрсетті. Оқушылардың барлығы көп балалы отбасынан.


Баршаңызды "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз! Акцияға қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
#КОПДМОНРК
#БАЛАЛАРЖЫЛЫ
#ГОДДЕТЕЙ2022
 
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакол ауданы, Достық кенті, Жансүгүров көшесі, 5 үй

Жетысуская область, Алакольский район, поселок Достык, улица Жансугурова, дом 5
Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданды бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі