«Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достық кентінің №11орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қуатова Гульнар Рысбекқызының 2017-2018 оқу жылының I ж.ж. бойынша есебі » Достық №11 орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-11-38
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-11-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достық кентінің №11орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қуатова Гульнар Рысбекқызының 2017-2018 оқу жылының I ж.ж. бойынша есебі
27
февраль
2018

«Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достық кентінің №11орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қуатова Гульнар Рысбекқызының 2017-2018 оқу жылының I ж.ж. бойынша есебі

«Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достық кентінің №11орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қуатова Гульнар Рысбекқызының 2017-2018 оқужылының I ж.ж. бойынша есебі
 
 Достық кентінің №11 орта мектебінде 2017-2018 оқу жылының басына- 472 оқушы, 1-ші сыныпқа 78 оқушы, мектепалды даярлық сыныбына- 73 бала, шағын орталыққа- 40 бала қабылданды. Сынып топтамасы 1-11 сыныптарда -25. Оқу процесі 2-ауысымда жүргізіледі:
  • І-ауысым 8.00.-14.05, ІІ-ауысым 13.30.-18.50.
  • І-ауысымда 14 сынып, ІІ-ауысымда 11 сынып оқиды.
  • Сабақ ұзақтығы 40 минут, бескүндік жұмыс режимі еңгізілген.
 I жарты жылдықта қозғалыс есебі бойынша келгені-13 оқушы, кеткені-12 оқушы. 1-ші сыныпқа қосымша қамту-1 оқушы. I ж.ж. аяғына барлығы 474 оқушы. Оның ішінде оқу озаты – 65, оқу екпіндісі – 158. Жалпы мектеп бойынша I ж.ж. білім сапасы – 56,9%. (I ж.ж. 1 сыныптар қортылмайды).(Пәндер бойынша білім сапасының мониторингі слайдта берілген). Аудан бойынша білім сапасы-55,1%. Денсаулықтарына байланысты төрт оқушы үйде оқытылады: Құдайберген Дана-4 сынып, Қиният Азат-3 сынып, Ахметқан Шапағат-7 сынып, Шарипханов Ерасыл-5 сынып.


  Мектепте барлығы - 46 мұғалім, оның 45-і жоғарғы білімді (97,8%),1-еуі арнаулы орта білімді. Жоғарғы санатты – 12 (26%), бірінші санатты – 16 (34,7%), екінші санатты – 8 (17,4%) мұғалім. 2 мұғалім зейнеткер жасына толған (география, физика) (4,3%). Шағын орталықта 4 тәрбиеші жұмыс жасайды. Оның ішінде жоғарғы білімді-3(75%), 1-еуі арнаулы орта білімді. Мектепте жетіспейтін кадрлар- орыс бөліміне бастауыш сыныптарына 2 мұғалім және музыка пәнінің мұғалімі. Мемлекеттік стандарт бойынша барлық пәндер өтіледі, өтілмейтін пән жоқ. 1,2,5,7 сыныптарда жаңа мазмұнның оқу жоспары еңгізілген. 2017 жылға арналған педагогикалық кадрлардың білімдерін жетілдіру, кәсіптік деңгейін көтеру жұмыстары жоспар негізінде толық атқарылды. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардан 17 мұғалім өтті (45,9%), барлығы 37 мұғалім жаңартылған бағдарламамен жұмыс істейді. Мектеп тренерлері Омарова Ж.З. мен Жанибекова А.З. ««Бетпе бет» тәжірибедегі практика» 100 сағаттық курстан 28 (60,8%)мұғалімді өткізіп, арнайы сертификаттарын тапсырды. Кезектен тыс жоғары санатқа аттестатталуға 3 мұғалім өтініш білдірді, 1 кезеңнен-тестілеуден өтті.


 2015-2018  жылдарға алынған мектептің – «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілді меңгеру арқылы мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру»  келелі мәселесін іске асыру мақсатында оқу жылының басында мектептің оқу-тәрбие жоспары құрылып,  оқу- тәрбие  үрдісінің  сапасын  жақсарту, оқытудың  белсенді  түрлері  мен  әдістерін меңгеру, педагогикалық  ғылым  мен  тәжірибенің  жетістіктерін  игеріп, тиімді  қолдану  барысында мектеп мұғалімдері жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізді.


 

Мектептегі тәрбие үрдісі- Қазақстан Республикасының Үздіксіз Білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып 8 бағыт бойынша 8 нормативтік құжаттармен жұмыстар атқарылып отыр. Оқу жылының басында 2017-2018 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылып, бекітілген.


 


 
Мақсаты: 
 
Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды сақтай білу, өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Жан-жақты мәдениетті тұлға, талғамы биік, салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
 

 
Міндеттері:
 
  1. Оқушыларды заң негіздерімен таныстыру
  2. Құқықтық жүйені оқып білуге және өмірде қолдана білуге қалыптастыру
  3. Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын сақтауға және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
  4. Көркем шығарма оқуға және кітапханамен байланысты нығайту.
  5. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
  6. Нашақорлықтың, ішімдіктің зиянды жақтарынан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
  7. Оқушы психологиясындағы өзгерістер мен жас ерекшеліктерін жеке тұлғаның жас ерекшелігіне сай жан-жақты үйрету.
 
  Мектепте 23  сынып жетекші жұмыс атқарады. 2017-2018 оқу жылының I ж.ж. жылдық жұмыс жоспары негізінде айлықтар, апталықтар, онкүндіктер жүргізілді. 
 Атап өтсек, «Мен-патриотпын»  тақырыбында білім сабағы, «Мемлекеттік рәміздер- мақтанышым», «Бейбіт өмір сыйлаған- Ата Заң», «Елін сүйген Елбасы»,
«Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы», «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы», «Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық апталық «Отбасы- рухани жаңғыру негізі» ұранымен өтті, «Ұстаздар күні» және «Берекелі мерекелі, алтын күз», «Денсаулық фестивалі» акциясы, «Тазалық» айлығы, «Құқық әлемінде» тақырыбында құқық айлығы,  жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалды.

 «Құқықтық білім беру» мектебінің топтары құрылып,  іс-шара жоспары бекітілді. «Құқықтық білім беру» мектебінің  топтарына лекция өткізетін тарих пәнінің мұғалімдері: Утепбергенов Д.А.– мұғалімдермен,-Оқанова М.Б - ата-аналармен және Тұрарбекова Ә.Б – оқушылармен ай сайын лекция оқылады.

Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі 8 бағыттарды қамтиды:
  1. Азаматтық-патриоттық, құқықтық тәрбиесі.
  2. Рухани-адамгершілік тәрбиесі.
  3. Ұлттық тәрбиеі.
  4. Отбасы тәрбиесі.
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиесі
  6. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  7. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбиесі.
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
 
ҚР гендерлік теңдік Стратегиясының орындалуы бойынша жоспарлы түрде іс-шаралар жүргізіледі. «Гендерлік теңдік» ұғымы түсіндіріліп, ақпарат беріліп отырады.  Мектепте  осы бағытта «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жұмысы, «Ұлдар» ұйымының жұмысы жолға қойылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Қыздар ұйымының жетекшісі: З.Б.Тажинова, ұлдар ұйымының жетекшілері 1-8 сынып бойынша Тұрсынбаев Е.Т, жұмыс жасалынып келеді.
 
 
 
Мектепте оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру жұмысы басты назарда. Оқушылардың мектепішілік секция,үйірмелерге қатысу көрсеткіші төмендегідей:
  • тоғызқұмалақ - 20
  • күрес – 11
  • волейбол – 10
  • баскетбол – 8
  • футбол – 20
  • теннис(Пинг-понг) - 11
  • Дебат – 28
  • Робототехника – 74
  • Шебер қолдар – 3
ҚР «Неке ( ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексімен жұмыс жүргізіледі. 2017-2018 оқу жылында мектептегі әлеуметтік жағдайы бар отбасынан шыққан оқушылар анықталды. Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайы:
 
  • аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны – 6
  • қорғаншылықтағы оқушы саны – 4
  • толық емес отбасылар – 15
  • көп балалы отбасылардағы бала саны – 73
  • жетім балалар – 2
  • жартылай жетім балалар – 19
  • мүгедек балалар – 2

 2017 жылдың 1тамыз- 30 қыркүйек аралығында республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасын қолдау, мектепке бармай қалудың алдын алу мақсатында Достық кентінің түрғындарын түгелдей жұмылдырып, әсіресе мекеме басшылары мен жеке кәсіпкер азаматтарын, ұйым басшыларын көмекке зәру балаларға қол ұшын беруге ықпал ету жұмыстары ұйымдастырылды. Мұндай жанды көмек шын жүректен жасалып, әлеуметтік көмек алатын оқушыларға жауапты адамдар бекітілді. Акцияда көмек көрсеткен демеушілер оқушыларға қаржылай, заттай көмек көрсетті. Акция барысында мектеп оқушылары «Мектепке ең үздік жол» тақырыбында шығармалар жазылып, сурет байқауы өткізілді, «Біз мектепке шақырамыз!!!» атты тақырыппен плакаттар байқауы өткізілді. Мектеп ғимаратының алдыңғы жағына оқушыларды мектепке шақыратын сөздермен жазылған үлкен плакат ілінді. Акция кезінде бекітілген кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардан, мекеме басшыларынан жалпы сомасы 196 000 теңге көлемінде көмек 7 оқушыға аудан тарапынан, ал мектеп тарапынан тізімге алынған 11 оқушыдан 5 оқушыға 95000 теңге көлемінде көмек берілді. Акция барысында жалпы сомасы 291000 теңгеге мектеп формасымен, сырт киіммен, аяқ киіммен және оқу құралдарымен 12 оқушы қамтамасыз етілді.


 2017-2018 оқу жылында №1 педагогикалық кеңестің шешімі негізінде ЖБББ қорынан ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жағдайы бар 40 оқушыға тегін ыстық тамақ беріледі. Ыстық тамақтың сапалы берілуін тексеру комиссиясы құрамы бекітіліп, жоспар бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Асхананы жалға алушы Б.Нурғалиева. Күнделікті ас мәзірі онкүндік бекітілген ас мәзірінің негізінде жасалынып, мектеп директорымен бекітіледі. Денсаулық журналы, бракераждық журналы және тоңазытқыштың температурасын тіркейтін журнал жүргізіледі. Күнделікті тамақтың сынамасын алатын ыдыстар ұйымдастырылған.

 

 ЖБББ қорынан 2017 жылы 40 оқушыға 15 мың теңгеден киімге қаражат берілді, 2018 жылы 40 оқушыға қаражат бөлінді.

 

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жұмысын жандандыру;
  • Өзін – өзі қол жұмсауды болдырмау және алдын алу» ай сайын тәрбие сағаттарын өткізу;
  • Құқықтық тәрбиені үнемі назарда ұстау;
  • Ұлттық тәрбиеге көңіл бөлу;
  • Сымбат» клубы мен «Азамат» клубының жұмысын жандандыру;
  • Сынып жетекшілерді көптеп сынып жетекшілер семинарына, курстарға  қатыстыру;
  • Сынып жетекшілер рейтингісін шығару;
  • Мектепте заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану және тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін пайдалану;
  • Тәрбие жұмысында және оларды ұйымдастыруда жаңа технологияны игеру.

2017-2018 оқу жылының II ж.ж.  аталған жұмыстардың  жасалуы  және жүзеге асырылуы  бақылауға алынды.
2017 жылдың 5 қазанында мектеп оқушылары медициналық алдын-ала тексеруден өткізілді. Тексеруден өткені  0 сыныптан-73; 4,6 сыныптардан-84 оқушы, 8-11 сыныптардаг-259 оқушы.

Тіркелген аурулар:
  • Есту органы - 4
  • Көз ауруы - 43
  • Тыныс алу жолдары ауруы - 7
  • Хирургиялық - 2
  • Жүрек-қан айналымы ауруы - 7
  • Бүйрек ауруы - 1
  • Стоматологиялық аурулар - 73
Барлығы 137 оқушы. Диспансерлік бақылауға алынған оқушылар саны-45.

Тексерістің қорытындысы бойынша:

 Педагогикалық – психологиялық қызмет келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға  және ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындығы;
  • ОЖСБ кезінде  психологиялық дайындығы;
  • 8, 9, 10 сыныптарда кәсіптік, бағдарлы жұмыстары;
5 - сынып оқушыларының бейімделу процесі - Орта мектеп буынында оқуға дайындықты келесі түсініктер арқылы көрсетуге болады: 
  1. Оқу әрекетінің негізгі компоненттерінің қалыптасқандығы, бағдарламалық материалдың сапалы меңгерілуі. 
  2. Кіші мектеп жасының жаңа құрылымы, ырықтылық, рефлексия, ұғым бойынша ойлау.
  3. Мұғалімдермен және сыныптастарымен қарым-қатынастың сапалы ересектеу типі.
 1 – ші сынып оқушыларының мектепке бейімделу  бойынша  ата - аналармен "Өз балаңа үлгі бол" бірінші сынып оқушыларының ата - аналарына психологиялық көмек атты конференция өткізілді. «Баланы мектепке дайындау», "Подготовка детей к школе" атты баяндамалар оқылынып, «Баланың темпераменті қандай?» тақырыпқа кеңес беріліп ескертіліп  айтылды.  «1 сынып оқушыларының психофизиологиялық ерекшеліктері»  атты баяндама ата-аналарға оқылынды.  1а,ә,б, в сыныптарының сабақтарға қатысуымен қатар үзіліс кезінде де бақылау жүргізілді. Оқушылардың мектепке бейімделу кезінде жекелей жұмыстар жүргізілді. Қорыта келгенде кейбір оқушылардың бейімделу процессі әлі жүріп жатыр, дегеніменде нәтиже шығаруға болады;

  • Бастауыш сынып пен  орта буын арасындағы сабақтастығы;
  • Дарынды балалармен жұмыстар;
  • Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар;
  • Педагогикалық ұжыммен және жас мамандармен жұмыс;
  • Шағын орталық тәрбиеленушілерімен  жұмыс-  әр баланың жас кезеңінің және тұлғалық ерекшеліктерді ескере отыра, балалардың психологиялық денсаулықтарын нығайту және де мектепке дейінгі балаға шағын орталықта тұлғалық  дамуы үшін рационалды жағдай жасау болып табылады.
 Мектепалды даярлық сыныптармен жұмыстар психологиялық даярлық құрылымында төмендегідей компоненттерді бөліп қарастырады:
  1. Тулғалық даярлығы.
  2. Интеллектуалды даярлығы.
  3. Мектепте оқуға әлуметтік - психологиялық даярлығы.
 
 Кәмелетке толмағандар арасында суициалды міңез-құлықты ескерту және алдын алу жұмыстары жүргізілді. Тәрбие жоспарына сәйкес ата-аналармен «Біз Өмірді сүйеміз» атты жиналыс өткізілді. Онда «Жасөспірімдерді суицидке апаратын факторлар, суицидтің алдын алу жолдары» баяндама оқылынды сонымен қатар ата-аналарымен «реңіш» қабдишасы жаттығу жүргізілді. 7-11сынып жетекшілеріне суицид туралы негізгі ақпарат берілді. 7-11 сынып аралығында «Өмір сүру қандай тамаша!», «Как прекрасна эта жизнь!»Соңғы кездерде интернет желісінде суицидке итермелейтін қауіпті ойындар таралды, сол себептен суицидке тосқауыл қою мақсатында әр сынып жетекшілерімен бірлесе отырып оқушылармен және ата-аналарымен түсіндерме жұмыстар жүргізіліп кеңестер беріп, жадынамалар үлестірілді.
 

Аудандық іс-шара негізінде өмірге "ия" деген іс-шара бойынша мектепішілік жоспар құрылып жұмыстар жүргізілді. «Өмір сен қымбатсын маған!» атты психологиялық тренингтер өтілді. «Басқа түскен қиындық қатып қалмайды»жеке сухбат жүргізілді. Сынып жетекшілеріне суицидтік мінез- құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Ата-аналар жиналысында «Подростковые самоубийства» атты баяндама оқылынды. Ашу ызамен не істеу керек?8-11 сыныптар оқушыларына кеңестер берілді, және балалардын жеке сұраныстары бойынша психологиялық кеңес беріліп, қолдау көрсетілді.Суицидті алдын алу бойынша мектеп оқушылары толық қамтылды. 2016-2017 оқу жылында кәмелетке жасы толмағандардың арасында өзіне-өзі қол жумсау, суицидке ұмтылу әрекеттеріболған жоқ.

 

Әртүрлі педагогикалық проблемалар бойынша мұғалімдерді теориялық-практикалық коучингтерге, семинарларға қатыстыру және ұйымдастыру, шығармашылық топтар, озат тәжірибе мектебі мен жас мамандар мектебінің жұмысын ұйымдастыру бағыттары бойынша жұмыстар жүйелі түрде атқарылып, нәтижелері жақсы жағынан көрінді. Білім беру ісінің барлығы тұлғаға бағытталуы тиіс. Осы мақсатта әдістемелік қызметке жұмыс жоспары жасалды. Мектептің оқу-тәрбие үдерісінде ұйымдастырылып отырған оқыту коучингтері, конференция, семинарлар,педагогикалық оқулар, шеберлік сыныптар қазіргі білім беру жағдайындағы оқытудың тиімді жолдарымен танысту, меңгеру болып табылады. Мектепте мұғалімдердің желілік қоғамдастығы құрылып, жоспарлы түрде жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар оқушылардың, ата-аналардың қоғамдастықтары құрылып, біріккен түрде жұмыстар жасалынады. Оқытудың жаңа әдістерін меңгеру, оқу-тәрбие үдерісінде қолдану жолдарын ұйымдастыру, шығармашылық, озық идеяларды жинақтау, қолдануға ұсыну жұмыстарын ұйымдастыру арқылы мұғалімнің шығармашылығын дамыту, жұмыстарын насихаттау, іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Жаңа бағытта оқыту – мұғалім жетістігінің кепілі» тақырыбында әдістемелік күн өтілді. Бірінші бөлімде: «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі», екінші бөлімде: жаңа форматта үлгілі сабақтар өткізілді. Қараша айында оқу мен оқытудағы жаңа әдісті қолдану жолдарын көрсету, мұғалімдердің іс- тәжірибелерін насихаттау мақсатында «Жаратылыстану пәндерінде АКТ-ны тиімді қолдану жолдары» тақырыбында аудандық семинар өтті.

 

«Дарын бағдарламасы» бойынша  мектепте  жұмыстар жүргізіліп, мектептің дарынды оқушылары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде. Оқушыларды  әр түрлі интеллектуалдық жарыстарға, оқуларға, олимпиадаға, «Ғылыми жоба» жарыстарына қатысты. Атап айтсақ, аудандық «Ғылыми жоба» жарысына химия пәнінен Алмазова Камила мен Бірлік Әкежан қатысып ІІ орынды иеленді. Тарих пәнінен Джанатбекова Ақардақ қатысып ІІ орынды жеңіп алды. «Ақбота» , Республикалық интеллектуалдық марафонына, ағылшын тілінен  Республикалық "British Bulldog" интеллектуалдық жарысына оқушыларымыз қатысып, жүлделі орындар иеленді. Аудандық М.Мақатаев оқуларында Тұрысбекова Диляра қатысып ІІ орын алды.


Аудандық «Парктер шеруі» орталығының«Шебер қолдар» бөлімінің жүлделі ІІ орынын Арынова Адина иеленіп, Мақтау қағазымен марапатталды. «Дзю-до» күресінен Ауелхан Арнұр, Берік Бауыржан, Осман Мейіржан, Асылқызы Балжан Облыстық жарыстардың жеңімпаздары. Аблайхан Гаухар, Осман Берікжан, Шаймерден Шыңғыс Аудандық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мектеп мұғалімдерінен құралған команда 2017 жылдың қыркүйек айында Үшарал қаласында өтілген волейбол жарысында ІІІ орынды иеленді.

Аудандық олимпиадаға 5 оқушы қатысып, І,ІІ жүлделі орындарды иеленді. Олар: математика пәнінен 9 сынып оқушысы Бекенова Мадина ІI-орын, орыс тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Шаймерденова Амина ІІІ-орын, орыс тілі пәнінен 9 сынып оқушысы Қабиден Мерей ІІ-орын,орыс тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Жумабаева Арина ІІ-орын,тарих пәнінен 9 сынып оқушысы Әбубәкір Шыңғыс ІІ-орынды иеленді.

2016-2017 оқу жылында кітапхана қоры 4239 дана кітапқа жаңартылған болатын. Оның ішінде жаңартылған бағдарлама бойынша 1 сыныпқа 1691 дана оқулықтар мен дидактикалық материалдаралынды. 8 сыныптардың оқулықтары түгелдей жаңартылды. 2017-2018 оқу жылына 2,5,7 сыныптарға жаңартылған бағдарлама бойынша 1788 оқулық алынды. Сонымен қатар өзге де сыныптар жетіспеген оқулықтармен қамтамасыз етілді. Барлығы 3700 оқулық алынды. Нәтижесінде мектебіміздің оқушылары 100 пайыз оқулықтармен қамтылды. Бүгінгі мектеп медиатекасында жаңа технологияларды қолданысқа ендіруге және дамытуға, электронды мәліметтер базасын жасап, пайдалануға барлық мүмкіндіктер бар. Кітапхананың электронды каталогін түзу барысында 1.«Основной фонд», 2. «Фонд учебников», 3 «Мақалалар» атты үш ақпарат базасы құрылған. Кітапхана қорындағы кітаптарды осы базаларға кіргізу арқылы кітапхананыңэлектронды каталогы мен «Газет- журнал материалдарының жүйелі картотекасы» түзілуде. Кітапхананың оқырмандары абонемент модулінде толық тіркелген. Мамандықты және мектеп кітапханасын жарнамалау мақсатында «Кітапхана – мақтанышым.Кітапханашы – мамандығым» атты видео слайд әзірленіп, жарияланды. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері мен оқушыларының кітапханамен байланысын жарнамалау мақсатында «Ұстазым – Ұлысың!!!» және «Библиотека – это класс» атты видео презентация әзірленді.

Биылғы оқу жылында пән кабинеттерін жаңа талапқа сай безендіру жұмыстарын атқару, оқу материалдарының санын, дидактикалық материалдар қорын толықтыру жұмыстарын жүйелі түрде атқарылды. Кабинеттердің паспорттары бойынша осы кабинеттердің мұғалімдері оқу-көрнекі құралдарының, дидактикалық материалдар қорын толықтырып, жүйелендіру жұмыстарын атқарды. 

Мектепте барлығы 17 оқу кабинеттері бар, оның ішінде 10 кабинет аттестатталған. Пән кабинеттерінің жетіспеуіне байланысты кабинеттік жүе жоқ. 

Жаңа модификациядағы 2 кабинет - биология, химия кабинеттері, лингафонды - мультимедиялық кабинет-16+1, информатика кабинеті - 8 орын, АӘД кабинеті , спорт залы, акт залы, технология, өзін-өзі тану кабинеті бар. Сабақтар аталған пәндер бойынша пән кабинеттерінде өтеді.

 

 

Мектепте интернет бар, интернет желісіне қосылған: 

  • -Қабылдау бөліміндегі 1 компьютер интернетке қосылған, жылдамдығы 4 МБ/сек. WI-FI модем арқылы 3 кабинет- химия, биология, лингафондық-мультимедиялық кабинет интернетке қосылды;
  • -Әдістемелік кабинетінде «kundelik.kz» біріңғай ақпараттық жүйесіне қосылған 1 компьютер, жылдамдығы 8 МБ/сек. 3 ноутбук мұғалімдердің жұмысына берілді.
 
 Мектеп пилоттық бағдарлама бойынша «Күнделік»  біріңғай ақпараттық жүйесіне кіргізілген, электронды сынып журналы 1-11 сыныптарда жүргізіледі. Мұғалімдердің аккаунттары- 91,4%, оқушылар аккаунттары-24,7%, ата-аналар аккаунтары-11,9% белсендірілген.   
 
-Информатика кабинетін  интернетке қосуға дайындық жұмыстары жүргізілген, берілетін жылдамдығы 8 МБ/сек, осы желіге 5 кабинетті қосу жоспарлануда. Сабақта АКТ қолдану бойынша  мектепке 5 комплект –проектор, компьютер, экран берілді. 
 
 Мұғалімдер Bilimland.kz, ITest.kz, IMektep.kz сайттарынна кіреді, материалдарды сабақта қолданып жұр. 
 
Мектеп екі ғимаратта орналасқан: негізгі ғимаратта 1-11 сыныптар оқиды, екінші ғимаратта- мектеп жасына дейінгі 40 балаға арналған шағын орталық орналасқан, мектепалды даярлық 3 сынып оқиды. Мектептің жылыту жүйесі автономды, сұйық отынмен жанатын 2 қазандық бар, модульдік котельный, сұйық отын сақтайтын сыйымдылық сыртта орналасқан. Қысқы жылыту мерзімге бөлінген сұйық отын -45251 литр (солярка), толығымен жеткізіліп берілді. 
 
Келесі оқу жылына мектептің ғимараттарын орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу жоспарланған.
 

 

Мектептің материалдық-техникалық базасын одан әрі жетілдіру шаралары қарастырылуда:


  • Мектепте бастауыш сыныптарға арналған оқу жиһаздарын (парта, орындық) толықтыру қажет етеді. АББ сұраныс берілген- бастауыш сыныптарға 45 комплект, жоғары сыныптарға-30 комплект; 
  • Интернет  жылдамдығын 8 МБ/сек. жетілдіру;
  • Мұғалімдердің электронды журналға (интернетке) қолжетімділігін арттыру.

 

Похожие публикации:

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакол ауданы, Достық кенті, Жансүгүров көшесі, 5 үй

Жетысуская область, Алакольский район, поселок Достык, улица Жансугурова, дом 5
Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданды бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі