29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. » Достық №11 орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-11-38
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-11-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды.
17
октябрь
2022

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды.
Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.
Республика күні 2001 жылдан бастап ұлттық мерекелер тізімінде болған. Бірақ 2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен алынып тасталған болатын.
Ал биыл маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.
Достық кенті №11 орта мектебінде 25 қазан Республика күніне орай, мектеп оқушылары арасында іс шаралар ұйымдастырылды. Атап өтсек, 5-8 сынып оқушылары арасында «Атамекен» тақырыбындағы жалпы республикалық патриоттық диктант байқауы, 9-11 сыныптар арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында жалпы эссе байқауы.
Оқушыларға байқау барысында Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде алғаш рет аталып өтетіні , маңызы мен құндылығын айтып өтті.
Ұйымдастырылған байқауға мектеп оқушылары белсенді қатысып, тиісті деңгейде қатысты. Диктант байқауында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар: 8 сынып оқушылары Мақсатқызы Меруерт, Қадыр Айбек, 7 сынып оқушылары Қанатбеков Дарын, Көпітлеу Дәрия, 6- сынып оқушылары Жұман Ерасыл, Төлеухан Томирис, Кәримжан Медина, 5-cынып оқушылары Базарбеков Ақжол, Берден Арай, Жанат Мансұр.
9-11 сынып оқушылары арасында өткен эссе байқауында оқушылар өз қиял армандарындағы болашақ Қазақстанды елестетіп, жазды. Үздік нәтижені 11 сынып оқушылары Бейсен Балнұр, Еламанқызы Дана, 10- сынып оқушылары Әсетқызы Алтынай, Асқар Аяла, 9- сынып оқушылары Құдайберген Жанайым, Әубәкір Ақерке. Менің арманымдағы Қазақстан тақырыбында оқушылар, болашақтағы мектеп, әртүрлі үйірмелер туралы жазып өтті.

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакол ауданы, Достық кенті, Жансүгүров көшесі, 5 үй

Жетысуская область, Алакольский район, поселок Достык, улица Жансугурова, дом 5
Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданды бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі