Соңғы қоңырау » Достық №11 орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-11-38
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-11-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2019

Соңғы қоңырау


Достық кентінің №11 орта мектебінің 2018-2019 оқу жылының аяқталуымен «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиын сағат 9.00-де басталып, 9.45-те аяқталды.

2018-2019 оқу жылының аяқталуымен және «Соңғы қоңырау» мерекесімен мектеп директоры Қуатова Гүлнар Рысбекқызы келген қонақтарды, ата-аналарды, мұғалімдерді және оқушыларды құттықтады.
Достық станциясының, жергілікті қоғамдық ұйымдардың басшылары және Достық ауылдық округінің әкімшілігі, зейнеткер ұзтаздар шақырылды.
Достық ауылдық огругінің әкімі Қайранбеков Қайыржан Бақытұлы 2018-2019 оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтап, жас түлектерге сәт сапар тіледі. Достық ауылдық ауруханасының бас дәрігері Жумабаев Есей Сайлаубекович 11 сынып түлектеріне ізгі ниетін білдіріп, салтанатты жиынға қатысушыларды құттықтады. Зейнеткер ұстаздарымыз Мария Жекембайқызы мен Рахат Омарханқызы өз құттықтауларын жеткізді.
1-сынып оқушылары мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, өлең жолдарын арнап, гүл шоқтарын тапсырды.
Түлектер ұстаздар қауымына алғыстарын білдіріп, соңғы мектеп вальсін орындады.
Салтанатты жиынның ІІ-бөлімінде 11-сынып оқушылары, ата-аналарымен, сынып жетекшілерімен бірге соңғы тәрбие сағаттарын өткізді.
Тәрбие сағаттарына мектеп әкімшілігі қатысты.
Соңында 2018-2019 оқу жылының мектеп бітірушілері келген қонақтармен, мектеп әкімшілігімен, ата-аналармен, ұстаздармен бірігіп ағаш отырғызу рәсімін өткізіп, естелікке фотоға түсті. «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өз дәрежесінде өтілді
 
Соңғы қоңырау
 
 
 

 


 

 

 

Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакол ауданы, Достық кенті, Жансүгүров көшесі, 5 үй

Жетысуская область, Алакольский район, поселок Достык, улица Жансугурова, дом 5
Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданды бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі