«1- наурыз - Алғыс айту күніне» арналған іс-шаралар өткізілді. » Достық №11 орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы білім бөлімінің
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-11-38
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-11-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «1- наурыз - Алғыс айту күніне» арналған іс-шаралар өткізілді.
01
март
2021

«1- наурыз - Алғыс айту күніне» арналған іс-шаралар өткізілді.

Құрметті ұстаздар, ата—аналар, оқушылар сіздерді 1 наурыз - «Алғыс айту күні»  мерекесімен Достық №11 орта мектебінің жас мұғалімдері құттықтайды!!! 

https://youtu.be/4PpukACNrPE​​​

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. 
«Алғыс айту күні» қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні, себебі Елбасы 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің Біртұтас Ұлтымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғанын атап өткен еді.
https://youtu.be/hEEYMMT_2Mw​​​

Бастысы – алғыс айта білу...
1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін..
Рахмет айтамыз!
Мекен жайымыз
Жетісу облысы, Алакол ауданы, Достық кенті, Жансүгүров көшесі, 5 үй

Жетысуская область, Алакольский район, поселок Достык, улица Жансугурова, дом 5
Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданды бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі